Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Атырау. 24 қараша. Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 қараша күні  М.Ломоносов атындағы орта мектепте «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру» тақырыбанда кездесу өткізілді.

Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Амангелді Уразов және мектеп оқушылары қатысты.

А.Уразов кездесуді ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге тоқталып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріп өтті.

М.Қиқымбаев оңалту жұмыстарының барысы және Қазақстан Республикасында діни  экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, Атырау өңірінде және Қазақстанда болған лаңкестік оқиғалар жайында, Дін туралы заңдылықтардың өзгерістері туралы, жастар арасында діни радикализмнің таралуы жөнінде ақпарат берді. Шараға 45 оқушы қатысады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *