Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әскери Ұлттық ұланда терроризмнің жолын кесу туралы әдістер айтылды

Астана. 1 ақпан. ҚР Ұлттық ұлан әскери бөлімінде астаналық ІІД қызметкерлері қатысқан семинар сәрсенбі күні, 31 қаңтарда, болып өтті. Онда терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз етуде жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Ұсыныстың басты мақсаты – адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл мен алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсету», – дейді Астана қалалық ІІД терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарманың жедел өкілі, полиция капитаны Әмір Маратов.

Полиция нысанды жарылғыш қойып жарамын деп телефонмен хабарласқан жағдайда, хат түрінде қоқан-лоққы жасаса, жарылғыш құрылғысы жарылып, салдарынан нысанға террорлық акт жасалса, кепілге алынған адамдар мен көшіру туралы хабарлама келіп түссе немесе азаматтардың өздері кепілдікке қолға түсіп қалған жағдайда не істеу қажеттігін айтып, түсіндірді.

Семинар жұмысына Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері, ҚР ұлттық ұланы 3660 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *