Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымның жетегінде кеткен 16 адам құтқарылды — Алматы облысы

Талдықорған. 2 ақпан. Халықтың діни сауатын арттырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бәрінен маңызды. Бұл бағытта бүгінде Алматы облысында құрамында 407 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жасайды. Бұл туралы TDKO KZ Талдықорған қаласында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  баспасөз мәслихатына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ өкілдері алдында өткен жылды қорытындылаған Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов үстіміздегі жылдың тың жоба-жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ ол: «Дін істері басқармасының басты мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, дәстүрлі емес ағымдардың жат әрекеттерінің алдын-алу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру. 2017 жылы діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны 595 құрады. Оның ішінде, ислам мешіті – 436,  православ –51, Рим-Католик –11, протестанттық – 95 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестік бар.  Көпке мәлім былтыр Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс көлемінде «Рухани керуен» жобасы өткізілді. Жоба барысында облысымыздың зиялы қауым өкілдері шалғай елдімекендерге дейін аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен бірге жастар және ардагерлер арасында түрлі кездесу ұйымдастырып, оңалту жұмыстары, көрмелер, шығармашылық топтың мәдени-рухани қойылымдары және спорттық жарыстар өткізілді. Жалпы, осындай 247 іс-шараның нәтижесінде 27 мыңнан астам адам қамтылды. Бүгінде аймақтағы діни ахуал тұрақты» -деді.

 Қорытып айтсақ, «Рухани керуен» барысында деструктивті діни ағымның арбауында кеткен  757 азаматпен жеке оңалту шаралары ұйымдастырылған. Бүгінде 16 адам теріс көзқарастарынан бас тартып, дәстүрлі ислам мен Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *