Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бердібек Сапарбаев терроризм мен экстремизмге қарсы белсенді қызмет еткен имамдар мен дін қызметкерлеріне алғыс білдірді

Ақтөбе. 26 наурыз. Бердібек Сапарбаев терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бағытында белсенді қызмет еткен мемлекет қызметкерлері мен бірқатар имамдарды марапаттады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық мешіттен хабарлағандай, марапатталғандардың қатарында Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан, облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов, қалалық орталық мешіттің Бас имамы Амантай Садиев және наиб имамы Алтынбек Хусаинов, Темір және Мұғалжар аудандарының Бас имамдары Мадияр Пірімқұлов пен Ерболат Жүсіпов бар.

Сондай-ақ, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының Жандәулет Сүлейменов те әкімнің қолынан алғыс хат алды.

Аты аталған имамдар мен қызметкерлердің халықтың қауіпсіздігі мен діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі еңбегін ерекше бағалаған облыс әкімі оларға алғыс білдіріп, алдағы қызметтерінде де табандылық пен тиянақтылық танытатындықтарына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыста екі мәрте жүзеге асырылған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 24029 адамды қамтыған 591 іс-шара өткізілген болатын. Бұдан бөлек, қала имамдарынан құрылған арнайы топ 531 кездесу өткізіп, жат ағымның алдын алу, дәстүрлі дінді насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асырды.

Соңғы екі жылдың ішінде 40-тан аса діни маман қызметке тартылып, 2 мешіт пайдалануға берілді. Өңірдегі діни қызметтің сапасын арттыру мақсатында өкіл имамның өзі аудан, ауыл округтеріне 39 мәрте іссапар жасап, мешіттерге мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.

Сонымен қатар, Ақтөбе өкілдігі 2017 жылы әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға 24 404 877 теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық көмек көрсетіп, қосымша азық-түлік, киім-кешектермен жәрдем берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасып жатыр.

Жуырда ғана өкіл имам теріс ағымдарға тән қателіктерді түсіндіру бағытында Рухани жаңғыру идеясымен үндес, жаңаша заманауи үлгіде дәріс жүргізіп бастады. Сондай-ақ, өкілдікке қарасты имамдар аудандарды аралап, бүгінгі күнге дейін Мәртөк, Қарғалы, Мұғалжар, т.б. аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *