Ақтөбе. 27 наурыз. Ойыл аудандық аграрлық колледжінде «Діни экстремизм және Қазақстанның демократиялық таңдауы» тақырыбында студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Кездесу барысында жастарға деструктивті діни ағымдардың дәстүрлі діннен айырмашылығы, дін ұстанудағы қателіктері, қоғамға төндіруі мүмкін қаупі туралы кеңірек мәлімет берілді.
Облыстық мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауданның бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы исламдағы мұсылмандармен, мұсылман еместермен мәміле жасау турасында сөз өрбітіп, жазықсыз адамның қанын төгу мұсылманшылыққа жатпайтындығын түсіндірді.
Жастарды жат ағымның арбауынан сақтандырып, исламдағы ата-анаға құрмет көрсету, басшыға бағынудың үкімі жайында айтты. Құран, хадистерден дәлелдер келтірді. Кездесуге 90-ға студенттер, колледж ұстаздары да қатысты. Қосымша сауалдар қойылып, мамандар тарапынан жауап берілді.