Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының полицейлері Өзбекстан азаматын есірткі контрабандасы үшін ұстады

ТҮРКІСТАН, 05 ақпан. Келестік полицейлер Өзбекстан азаматын есірткі контрабандасы үшін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ кезекші бөлімінің “102” пультіне шекарадағы бақылап-өткізу бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне “Лео” атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады.

Жедел уәкілдер күдіктіні, Өзбекстан азаматын тінту кезінде өзінің басқаруындағы жүк көлігінің ішінен есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамнан асатын “гашиш” болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер, сіз де, есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, тез арада полицияға “102” телефоны бойынша хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *