Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанаға діни экстремистер шабуыл жасауда: Жаңа телехикая көрермендерге ҰҚК арнайы агенттерінің шынайы тағдырын көрсетеді

Астана. 28 наурыз. 31 наурыз күні КТК арнасында сегіз сериядан тұратын шытырман оқиғалы «Красный уровень» фильмінің көрсетілімі басталады. Фильм ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Телехикаяның «Красный уровень» деп аталуы жай емес – «қызыл деңгей» террористік қауіп деңгейінің ең жоғарғы шкаласы. Оны лаңкестік акті жасалып және террористердің соған ұқсас әрекеттерді тағы да қайталауы мүмкін деген расталған ақпарат болған жағдайда Президент жариялайды. Мұндай жағдайда мемлекеттің арнайы қызметі үшін – бар күшін салып жұмысқа кірісетін, ал қарапайым азаматтарға жақындары мен туыстары үшін алаңдайтын уақыт туындайды.

Өкінішке орай, Қазақстанның кейбір аймақтарында қызыл деңгей жарияланды, мысалы, 2016 жылы жазда Алматыда лаңкес бірнеше адамды атып тастаған кезде, сондай-ақ Ақтөбеде сол жазда діни экстремистер әскери бөлімшеге шабуыл жасағаннан кейін.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістікте болған елдердің қатарындағы халықаралық ынтымақтастық саясатын ұстанатын ең бейбіт мемлекеттердің бірі, алайда мұны мұсылман мемлекеттерінің діни экстремизм сияқты проблемалары айналып өткен жоқ.

«Красный уровень» телехикаясын шынайы болған оқиға ретінде емес, Ақтөбе мен Алматыда болған қайғылы оқиғалар кезінде бастан өткізген рефлексия деп айтуға болады. Дегенмен фильмді түсірушілер телехикаяның шынайы оқиғаға барынша ұқсас болуы үшін теракт кезіндегі қазақстандық арнайы қызметтердің жұмысын зерттеп білді. Бұл режиссер мен актерларға шынайы образдарды сомдап шығуға үлкен мүмкіндік берді.

Фильмнің режиссері бұған дейін Ресейдегі танымал «Глухарь» кинокартинасын түсірген Валерий Мызников.

«Красный уровеньнің» негізгі сюжеті – Астанаға шабуыл жасауға дайындалып жатқан діни экстремистік топ пен арнайы қызмет арасындағы текетірес.

Басты кейіпкер ҰҚК тергеушісі Ернар Есенгелдиев бірнеше қылмыстық істерді тексерумен айналысып жүріп, кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Ол банданың мыңдаған азаматтың өміріне қауіп төндіріп, Қазақстанның астанасына бірден бірнеше лаңкестік шабуыл жасауды ойластырғанын анықтайды.

Басты кейіпкердің рөлін «Анаға апарар жол» фильмі және басқа да картиналар арқылы көрермендерге танымал актер Берік Айтжанов ойнады. Актер, тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен кеңес алып, Ернардың рөлін өте байыппен сомдаған.

Есенгелдиевтің әйелі болып басты кейіпкердің отбасы мен жұмысы арасында үнемі таңдау жасауға тура келетін жеке өмірінің проблемаларын бейнелеп, актриса Сая Оразғалиева ойнады.

Фильмде актер Тәуекел Мүслім екі түрлі бейнедегі мемлекеттік қауіпсіздік агентінің рөлін сомдайды.

Сондай-ақ, фильмде жанкешті лаңкестерді жасақтаушы рөлін бейнелеген Нышанбек Жұбанаев пен басты кейіпкердің серіктесі болып ойнаған Филипп Волошин де өз кейіпкерлерін өте жақсы алып шыққан.

Кинокартинадағы басқа да кейіпкерлерге тоқталар болсақ, өмірі мен махаббатына діни экстремистер араласқан Асқар мен Наргиздің оқиғасы драматургиялық көзқарас тұрғысынан өте қызықты. Олардың бейнесін Ермек Тұрғанбеков пен Мәриям Сатай өте жақсы ойнап шыққан.

Бұл өте өзекті, көрнекі және үлгі боларлық сюжеттік картина екенін атап өткен жөн, өйткені мұнда жас жеткіншектерді террористер отрядына жинақтау үрдісі егжей-тегжейлі көрсетілген.

«Красный уровень» телехикаясы өте салмақты болғанымен, тек ер адамдарға ғана емес, барлық көрермендерге арналған туынды, себебі онда терроризмнен басқа, отбасы мәселелері, жұмыстағы қарым-қатынас, адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушілік сезімдері тамаша бейнеленген.

Ақпарат көзі: Bnews

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *