Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымнан сақтандыру — уақыт талабы

Державинск. 28 наурзы. Зайырлы мемлекет болсақ та, имани ұғым қашанда асқақ тұрады. Қазақ атам заманнан бір Алласына құлшылық жасап, болашағына үлкен сенім арта қараған. Бірақ, бүгінде неше түрлі деструктивті ағымдар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, өзінің уытын шашуда. Осындай қысылтаяң шақта жастарымызды түзу жолға салуда дін қызметкерлерінің жасап жатқан еңбегі өлшеусіз.

Жақында Жарқайың ауданының бас имамы Алмас Оспан жергілікті *6636 әскери бөлімінде болып, әскерилерге жат ағымның зиянды жақтары жайлы терең әңгіме қозғады. Әсіресе, ата-ананы құрметтеудің маңызын түсіндіріп, асыл дінімізде де бұған ерекше назар аударатынын атап көрсетті.

Өз кезегінде жас жауынгерлер де имамға сауалдар жолдап, діннің ұрпақ тәрбиесіндегі орнын сұрап білді.

Аудан имамы бұл әскери орнына жиі келеді. Әр келгенінде шариғаттың сан тарау тақырыптарын қаузап, уағыз айтады. Осы жолы да әскери бөлім басшылары оған ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі: Насихат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *