Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бельгияда ер адам екі полицейді атып өлтірді

Брюссель. 30 мамыр. Бельгияның Льеж қаласында ер адам екі полицейді атып, кепіл ретінде бір адамды тұтқынға алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Қарулы қаскөй сейсенбі күні таңертең Льеждің орталық даңғылдарының бірінде полицейлерге оқ атып, соның салдарынан тәртіп сақшыларының екеуі де оқиға орнында қаза тапқан.

Полицейлерден тыс, сол маңнан өтіп бара жатқан автомобильдердің бірінің жолаушысы да мерт болды. Бұдан бөлек, тағы екі адам жараланған.

Содан кейін шабуылшы жақын жерде орналасқан мектепке барып, әйел адамды кепіл ретінде тұтқындаған. Жедел шаралар нәтижесінде қаскөй атып өлтірілді.

Полиция қанды оқиғаның лаңкестікпен байланысын тексеріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *