Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Марокко полициясы 4 тоннаға жуық марихуананы тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан.Марокко полициясы сенбі күні елдің солтүстігіндегі Дриоуч қаласының маңынан 3,729 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы Корольдіктің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеде айтылғандай, операция барысында полиция 3,729 тонна есірткі затын тауып, жеті автокөлікті тәркілеп, төрт күдіктіні ұстады.

Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында қарасораны заңсыз өсіруде қиын жағдай туындаған, мароккалық марихуананың көп бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен жеткізіледі. Соңғы онжылдықта Марокконың қауіпсіздік органдары құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіру мен есірткі трафиге қарсы күресті күшейтті. Атап айтқанда, 2019 жылы шамамен 179 тонна марихуана тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *