Ақтау. 31 мамыр. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылында жұмыссыз жастарына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оған Маңғыстау облыстык ДІБ-ның ақпараттық талдау орталығының исламтанушысы Н.А. Базарбай мен ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бөлімінің маманы Ж.Калмурзаев қатысты.
Кездесуде «Жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілікті ескерту», «2018-2022 арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» туралы баяндалды.
Атқарылып жатқан шараның мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту туралы мәлімет беру, дін мәселелері жөнінде жастардың діни сауатын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеуінің алдын-алу.
Түсіндіру жұмыстарының барысында дәстүрлі діндердің құндылықтарына кеңінен тоқталып, мағлұматтар берілді.