Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

АЛМАТЫ, 30 наурыз. Зертхана Алматы қаласының Медеу ауданындағы бау-бақша қоғамының аумағында орналасқан елеусіз жеке үйде болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны 1996 және 1997 жылы туған екі ер адам басқарған.

– Үйді санкцияланған тінту кезінде “мефедрон” синтетикалық психотроптық затын өндіру барысында қолданылатын ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластикалық ыдыстар, түрлі сұйықтықтарға толы зертханалық шыны колбалар, электронды таразы және басқа да заттар табылды және олар іс жүргізу тәртібімен тәркіленді. Күдіктілердің есірткі әзірлеуге арналған компоненттерді Ресей Федерациясынан көлік-логистикалық компанияның қызметі арқылы алғаны анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Үш келі кептірілген және он келі сатуға дайын тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды.

– Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Олар өздерінің кінәларын толығымен мойындап, өндірілген тауарлардың Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағында белгілі бір орындарға қойып кету арқылы сатылатындығын айтты. Ұсталған азаматтар ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі, – деп түйіндеді Ерлан  Алмағамбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *