Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Экстремизмге жол жоқ!» акциясы

Тараз. 11 маусым. Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусым күні  Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері «Оупэн-эйр»  форматтарында «Достық» алаңында Тараз қаласының тұрғындарына зайырлы мемлекет, деструктивті діни ағымдардың зардабы, еліміздегі деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісінің жұмысы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» жүзеге асыратын жұмыстары туралы флаерлер таратып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Тараз тұрғындарына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері,  облысымыздағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *