Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан парламенті: терроризмді қолдайтын постқа «лайк» басқандар сотталады

Душанбе. 14 маусым Тәжік парламентінің төменгі палатасының депутаттары 13 маусымда Қылмыстық кодекстің «Террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға шақыру және (немесе) террористік іс-әрекеттерді жария түрде ақтау» деген 179-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бір ауыздан мақұлдады. Аталған бапқа «Интернет арқылы» деген сөз тіркесі енгізілген. Яғни әлеуметтік желілер арқылы терроризмге үндегендер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тәжікстанның сот тәжірибесінде Фейсбукта террористік сипатта делінген материалдарға «лайк» басқаны үшін жауапқа тартылған бірнеше оқиғалар болды.

Тәжікстандағы тәуелсіздік БАҚ-тың ұлттық қауымдастығы төрағасы Нуриддин Каршибоев Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер экстремизм және терроризмге қатысты қылмысты қатайту деп біледі. Оның сөзінше, осыған дейін кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер бұл мәселеге тікелей не жанама қатысты болған.

«Кез келген есі дұрыс адам терроризм мен экстремизмнің пайда болуын қолдамайды. Бірақ құқық қорғау органдары тарапынан заң нормаларын дұрыс талдамайды деген қауіп бар. Сол үшін парламент өкілдері халық арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», — дейді ол.

Ақпарат көзі:  Орталық Азияның жаңалықтар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *