Астана. 15 маусым. Бейсенбі күні, 14 маусымда Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҰҚҚ баспасөз қызметі.
«Консультативтік-кеңесші органның жұмысы барысында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру алгоритмін қолдады» — деп хабарланады.
Сонымен қоса, мемлекеттік, стратегиялық және маңызды өндірістік объектілердің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындардың терроризмге қарсы қорғанысын ұйымдастыруға ұстанымдарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар талқыланды.
Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге әзірлік қаралды.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.