Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚАЖҚ мен ҚМДБ қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы семинар

Қарағанды. 27 маусым. Маусым айының  25 – 26 күндері аралығында Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарайтын қалалар мен аудандардың имамдарына арналған екі күндік семинар болып өтті, деп хабарлайды ihsan.kz

Семинарды   ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ашып, игілігі мол іс-шараға  уағыз насихат айтты.

Аталмыш семинарда ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы мен Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлы және теолог, «Пікір» орталығының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы дін саласына енген өзгерістер бойынша имамдарға сабақ жүргізіп, діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы қабылданып жатқан шешімдерді таныстырды.

Сондай-ақ, наиб мүфти «Ханафи мазхабының дәлелдеріне анализ жасау методикасы» тақырыбында дәріс жүргізіп, Ханафи мазхабының ерекшеліктері мен тарихы жайында  мағұлмат берді.  Семинар барысында дәстүрлі дініміздің мән-мағынасына тереңірек үңіле отырып, дінімізді қазақы дәстүрлерімізге ұштастырып, әдет-ғұрып пен салтымызға ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалды.

Сонымен қатар, семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Барлық ұстаздар мен имамдарға сертификаттар табысталды.

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *