Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

АҚТӨБЕ, 19 қараша. Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *