Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия: содырлар соңғы соғысқа дайындалуда

Астана, 30 шілде. – Идлиб провинциясында бірнеше террористік топ — «Джебхат Ан-Нусры», «Джебхат Тахрир Сурии», «Сукур Аш-Шам» үкіметтік әскерге қарсы бірігіп соғысуға дайындалуда. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  «KAZISLAM».

Айта кету керек, қазіргі уақытта бұл террористік топтар Идлиб территориясының 75%-ын бақылауда ұстап отыр. Мұндағы содырлардың жалпы саны – 30 мыңға жуық. 300-ден аса техникалары бар. Сирия үкіметі олардың шабуылға бірлесе дайындық жасап жатқанын жергілікті тұрғындардан білген.

Террористер жаулап алған аймақта бейбіт тұрғындарды соғысқа мәжбүрлеу, азық-түлік заттарын, жүк көліктері мен мотоциклдерді тартып алу әрекеттері орын алуда.

Еске салсақ, ымыраласу режимі енгізілгеніне қарамастан Идлиб провинциясында соңғы екі тәулікте заңсыз қарулы топтар тарапынан ережені бұзу фактілері тіркелген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *