Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия мен Иракта 800-ге тарта қазақстандық жүр

АСТАНА, 2 тамыз. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) соңғы мәлімет бойынша, Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлайды, Азаттык радиосы.

Азаттықтың ресми сауалына жолдаған жауабында ҰҚК Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтады.

Арнайы қызмет Сирия мен Ирактағы соғыста нақты қанша қазақстандық қаза тапқанын білмейді. ҰҚК-де бар дерек бойынша, тек Сириядағы халықаралық террорлық ұйымдар сапында соғысқан 260-тан астам қазақстандық қаза болған.

Ресми мәлімет бойынша, қарулы қақтығысқа заңсыз қатысқаны үшін Сирияда 60-қа таяу, Иракта шамамен 20 қазақстандық қамауда отыр.

Биыл наурызда ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Сириядан 125 қазақстандықтың оралғанын, 57 адам қамауда отырғанын, қалғандарының бақылауда екенін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *