Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-та терроризм үшін сотталған Өзбекістан келімсегі тағы 20 жылға сотталды

АСТАНА, 14 тамызТерроризм үшін 25 жылға сотталған Өзбекістан келімсегі Фазлиддин Курбанов күзетшіге қастандық жасағаны үшін тағы 20 жыл бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Associated Press.

Курбанов 2016 жылы Калифорния штатындағы, Викторвилл федералды абақтысында күзетшіге пышақпен шабуылдады. Қамалушы оны бауыздауға тырысқанымен,залал тартқан күзетші құтқарылып алынды.

Ағымдағы жылдын наурызында Курбанов өз кінәсін мойындады.

Фазлиддин Курбанов америкалық биліктің қолына 2013 жылы түскен. Ол АҚШ-тың тәуелсіздік күнін тойлап жатқан әскери және бейбіт азаматтарға қарсы ланкесттік акт жасауға әрекет жасағаны үшін айыпталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *