Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Берлинде лаңкестікке қатысы бар орыс азаматы ұсталды

АСТАНА, 25 тамыз. Берлинде, жарылғыш заттарды пайдаланып, террористік шабуыл жасау күдігімен 31 жастағы ресейлік азамат ұсталды,деп Германияның Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

«Бас прокуратура 2018 жылғы 9 тамыздағы қамауға алу туралы бұйрық негізінде 31 жастағы ресейлік Магомед-Али С.-ті ұстауға бұйрық берді. Федералды криминалдық полицияның арнайы бөлімі мен Берлин қылмыстық полициясымен ұстау жүргізілді», — делінген хабарламада.

Ұсталған адам «мемлекетке қарсы ауыр қылмыс жасауды және жарылғыш заттарды пайдаланып қылмыс жасауды дайындауда күдіктенеді» деп құжатта көрсетілген.

Азаматтың пәтеріңде тінту өткізілді.

Тергеу Магомед-Али С., 2017 жылдың тамызында Марсельде ұсталған Клемент Б.-ның сыбайласы болды деп хабарлайды. Сол кезде ұсталған адамның пәтерінде бірнеше атыс қаруы мен үш килограмм жарылғыш зат табылды (триацетон трипероксид).

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, орыс азаматы 2016 жылдың 26 қазанынан бастап Берлин пәтерінде триацетонтрипероксидінің үлкен саны сақтаған.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, жарылғыш заттың көмегімен радикалды ислам нанымын ұстанған Магомед-Али С, Клемент Б. бірге «адамдардың көпшілігін өлтіру және жарақаттау мақсатында» Германияда әрекетке келтіру үшін бомба жинамақшы болды.

«Алайда, Магомед-Али С.-ке қарсы жасалған полиция операциясы нәтижесінде екі күдіктінің террорлық шабуылға дайындалуы тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Ресей азаматының тұтқынға алынуы туралы шешім бейсенбі күні шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *