Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскери күштері аэродромды басып алу үшін арнайы жасақ жаттығуларын өткізді

АСТАНА, 01 қазан. Корея Республикасындағы АҚШ әскери контингентінің арнайы операциялық қолбасшылығы осы аптада аэродромды басып алу және кепілге алынғандарды босату үшін арнайы жасақ оқу-жаттығуларын өткізді, деп ТАСС өзінің Facebook парақшасындағы әскерилердің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Баспасөз қызметі оқытудың «шынайы, көп қырлы» сипатқа ие болғанын көрсетеді. Корея Республикасы мен АҚШ әскерилері түнде жау аумағына енуді, жақын әуеден қолдау көрсетудегі іс-қимылдарды репетициялады, нысанаға оқ ату және басқа да тактикаларды пысықтады. Оқу-жаттығулар Пхёнтхэк қаласындағы американдық әскери базасында өтті.

Дәл осындай  іс-шара өткен жылы КХДР-дың зымыран ұшыруынан туындаған шиеленіс аясында да орын алды. Пхеньян жексенбі күні қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды, сәрсенбі және бейсенбі күндері тағы екі зымыран ұшырды. Бұған дейін арнайы жасақтың оқу-жаттығулары сонымен қатар, шартты  жаудың басшылығын жою операциясын өткізіп жатыр деген болжам болған. Алайда АҚШ әскерилері бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, жаттығулар жауынгерлердің ұжымдық және жеке жауынгерлік дайындығын барынша арттыруға арналғанын атап өтті.

Соңғы кезде Сеул мен Вашингтон бірлескен оқу-жаттығулары туралы ақпаратты жұртшылыққа таратуға ерекше назар аударады, бұл Yonhap агенттігінің хабарлауынша, КХДР-дан келетін ядролық және зымырандық қауіп-қатерді «тежеуді күшейту шараларының бір бөлігі» болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *