АСТАНА, 16 қараша. Қырғызстанның діни саясаты елдің даму стратегиясына сәйкес болуы керек. Бұл туралы «Қазіргі зайырлы мемлекеттегі ислам» атты II халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде, республика президенті Сооронбай Жээнбеков мәлімдеді, деп Islam-Today жазады.
«Өкінішке орай, ислам дінің жамылып қырғыз халқына өз халқының дәстүрлері мен мәдениетін таңуға тырысатын адамдар бар. Жастарды заманауи білімнен, мәдениет, ғылым мен техниканың жетістіктерінен алшақтатуға тырысады», — деді ол.
Оның айтуынша, биліктің негізгі міндеті — қауіпсіз діни ағымдардың дамуы, сонымен қатар конфессияаралық келісім мен азаматтардың төзімділікті тәрбиелеу.
«Дамуымызға ықпал ететін осындай мінез-құлықтың күнделікті әдетке айналуы мемлекеттің күш-жігерін талап етеді. Тек мемлекет қана дінді қоғамның даму жолына бағыттай алады. Сондықтан оның дін саласындағы рөлі қазіргіден гөрі көбірек болуы керек», — деді Жээнбеков.
Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету Орталық Азия үшін өте маңызды екенін атап өтті.