Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанның ҰҚМК: Ел аумағына заңсыз кірген лаңкестер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында ТМД елдерінің бірінің екі азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, олар террористік шабуылдарды жетілдіру үшін Қырғызстан аумағына заңсыз кіріп, жалған құжаттармен Сирияға кетпек болған.

Комитеттің хабарлауынша, ұсталғандар Жалал-Абадтағы терегу изоляторында отыр. Оларға көмектескендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

ҰҚМК-нің 2018 жылғы мәліметі бойынша, Сириядағы соғыс ошағына 850 қырғызстандық барған. Солардың 150-і оққа ұшқан. Хабарларға қарағанда, «Ислам мемлекетіне» шамамен 140 қырғыз әйелі қосылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *