Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жанкешті лаікес бақылау бекетінде өзін-өзі жарып жіберді

АСТАНА, 19 қараша. Анықталмаған әйел Грозныйдағы Старопромыслов ауданындағы бақылау-өткізу бекетінде өзін-өзі жарып жіберді, деп Шешенстанның Ішкі істер министрінің уақытша міндетін атқарушы полиция генералы Апти Алаудиновке сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

Оның айтуынша, кешкі сағат 16 шамасында жас қыз 21-ші федералдық полиция бекетіне жақындады. Оның жат мінез-құлқың байқап, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны тоқтатып, құжаттарды көрсетуді сұрады.

Алаудиновтың айтуынша, әйел полицияның талаптарын орындамай, бақылау бекетіне ұмтылды. Осы сәтте құқық қорғау органдарының қызметкерлері үстіндегі жарылғыш құрылғыларды көріп, ескерту түрінде аттты, ал әйел өзін-өзі жарып жіберді.

Генералдың айтуынша, оқиғаны құрбандар мен зардап шеккендері жоқ, себебі олар қылмыскерді полиция қызметкерлеріне жақындатпады.

Қазіргі кезде шабуыл жасаған әйелдің шығу тегін анықтау шаралары мен ықтимал сыбайластарын іздестіру жөніндегі шаралар қабылдануда. Алдын ала деректер бойынша, өзін жарған әйел — Дағыстанның тумасы.

«Оқиға болған жер полиция мен әскери қызметкерлермен қоршалған, Старопромысловск тас жолындағы жол учаскесі жабылып, айналмалы жол бойында қозғалыс ұйымдастырылған, жолда кептеліс жоқ. Жанкешті лаңкестің денесіндегі жарылғыш затты, маңайдағы аймақты тексеру үшін сапер мен кинологтарды күтуде», — деді Тергеу комитетінің өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *