Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризмнен қорғану талаптарына сай емес мекеме басшылары жауапкершілікке тартылды

Астана, 25 желтоқсан. Алматы облысының ішкі істер органы лаңкестік кезінде осал нысандарды тексеру жұмыстарын аяқтады. Тексеру кезінде бірқатар мекемелердің жетекшілеріне 8 миллион айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңда 1412 мекеме тексерілді. Терроризмнен қорғану талаптарына бей-жай қараған 31 нысанның басшысы жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 11 білім беру ұйымы, 7 қоғамдық тамақтандыру нысаны және бірқатар сауда, мәдениет, денсаулық сақтау және су шаруашылығы нысандары бар. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8 миллионды құрады. Сонымен қатар, біздің тексерулер нәтижесінде анықталған кемшіліктерді түзету туралы 413 нұсқау берілді» делінген Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

кетейік, аталған тексеруге облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ұйтқы болған. Олар биыл дәстүрлі емес дін ұстаушыларының қатысы бар 20 қылмысты анықтаған. «Анықталған фактілер жалпықылмыстық сипатқа ие. Оның ішінде қорқытып алудың 2 дерегі, заңсыз медициналық қызмет көрсетудің 2 дерегі, қарақшылықтың 3, адам тонаудың 1 дерегі бар. Сондай-ақ, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, алаяқтық, зорлық көрсету, ұрлық, қару-жарақты және есірткіні заңсыз сақтау сияқты заңбұзушылықтар бар.

Әкімшіліқ заңнаманы сақтау бойынша 9 заңбұзушылық анықталды. Олар экстремистік сипаттағы материалдарды сақтау, тіркелмеген діни ұйымдардың қызметіне араласу және т.б. деректер бар» деп атап өтті баспасөз қызметі. Сонымен қатар, облыстық тәртіп сақшылары биыл лаңкестік акті туралы жалған хабарлама берудің екі дерегі тіркеліп, «телефон әзілкештері» ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *