АСТАНА, 18 ақпан. 2018 жылы Тәжікстанда жоспарланған 11 терактінің алды алынды. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп KAZISLAM хабарлайды.
Министрдің айтуынша, өткен жылы тәжік құқыққорғау органы 11 терактіні анықтап, алдын алған. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс бойынша 873 іс ашылған. Осы бағыттағы арнайы операция нәтижесінде экстремистік және террористік ұйымның 298 мүшесі қамауға алынды.
Сонымен қатар, Тәжікстан Ішкі істер министрлігі қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақтардан республика азаматтарын қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде. 2018 жылы шетел территориясында соғысқа қатысқан 99 азамат елге қайтарылған.