Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

АСТАНА, 05 наурыз. Полиция қызметкерлері Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі — ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» алдын алу шарасы барысында жедел ақпаратқа сәйкес бұған дейін істі болған Мойынқұм ауданы тұрғынының үйіне санкцияланған тінту жүргізді. Оның үйін қарау барысында ірі көлемде есірткі табылды. Полиция қызметкері 4 полиэтилен пакетке салынған 3 келі 191 грамм героин және 30 грамм марихуана тәркіленді», — деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, сақшылар Астана қаласында да екі адамнан ірі көлемде есірткі тапқан.

«Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Пушкин көшесінің бойында жеңіл көлікті тоқтатып, оның жолаушысынан 3 келі 268 грамм гашиш тапты. Сондай-ақ Ақсай көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан қала тұрғыны ұсталып, одан салмағы 2 келі 688 грамм болатын гашиш тәркіленді. Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Нұрділдә Ораз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *