АСТАНА, 05 наурыз. Ефрат өзенінің шығысындағы Багузда өтіп жатқан операция барысында 150-ден астам содыр өз еркімен күрд жасақтарына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл – Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында қалған соңғы өңір. Багузды азат ету операциясын АҚШ қолдайтын коалиция жұма күні бастаған болатын. «Сирия демократиялық күштері» өкілдерінің хабарлауынша, содырлар миналанған автокөліктермен жасақталған. Ал бұл арада Сирия үкіметінің күштері халықаралық коалиция Багузда ақ фосфорды қолданды деп айыптап отыр. Жалпы, операция бейбіт тұрғындарға зияны тимес үшін баяу өтіп жатыр.