АСТАНА, 07 наурыз. Тунистің президенті Беджи Каид эс-Себси елде 2015 жылдан жарияланған төтенше жағдайды тағы бір айға — 5 сәуірге дейін ұзартуға шешім қабылдады, деп мемлекет басшысының кеңсесіне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.
«Үкімет басшысы және өкілдер палатасының төрағасымен қауіпсіздік жағдайға байланысты кеғестерден кейін президент бүкіл ел бойынша төтенше жағдайды бір айға ұзартуға шешім қабылдады — 2019 жылғы 7 наурыздан 5 сәуірге дейін», — делінген құжатта.
Тунисдегі төтенше жағдай 2015 жылдан бері күшінде. 2015 жылдың маусым айында Сус провинциясының Эль-Кантауи курортында лаңкестік шабуыл болды, нәтижесінде 40 адам қаза тапты. Сондай-ақ ел астанасындағы Ұлттық Бардос музейіне шабуыл жасалды. 2015 жылдың қарашасында жанкешті-лаңкес елордадағы президенттік гвардияға шабуыл жасады.
Бұл шабуыл Тунис астанасында соңғы үш жылда алғашқы шабуыл болды. 2015 жылы бірқатар террорлық актілерден кейін Тунис билігі қауіпсіздік шараларын күшейте түсті, бұл, атап айтқанда, осы Солтүстік Африка еліне шетелдік туристер ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Сәрсенбі күні Тунистің Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунисте парламент сайлауы 2019 жылдың 6 қазанында, президенттік сайлау — 10 қарашасында өткізілетінін жариялады.