НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніңдегі мекеме қызметкерлері 1 килограммнан астам гашишті тасымалдаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып КирТАГ хабарлайды.
Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігінің Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніңдегі қызмет сақшылары 2019 жылғы 16 сәуірде Жалал-Абад облысының Тоқтоғұл ауданындағы Бішкек-Ош тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезде «Toyota» автокөлігін тоқтатты. Жеңіл автокөлікті 32 жастағы Шу облысының тумасы А.А. азаматы жүргізді, оның көлік құралын тексеру кезінде 100-ге жуық сіріңке қорабына салынған «гашиш» есірткі заты табылды. Тәркіленген есірткі заттардың таза салмағы 1 кг 145 гр болды.
Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.