Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ВВС: ИМ басшысы Сирияда көз жұмды

Мәскеу. 16 маусым. Атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади Ресей әскери әуе күштерінің шабуылы кезінде Сирияда опат болуы мүмкін.

Қазір тиісті ақпаратты Ресейдің Қорғаныс министрлігі тексеріп жатыр. ВВС корпорациясының хабарлауынша, әл-Бағдади 28 мамырда Ракка қаласына жақын маңда мерт болған. Әуе соққысы лаңкестік ұйым жетекшілері кеңесіп жатқан ғимаратқа жасалған. Кездесуде болған осы топтың қауіпсіздік қызметі басшысының да көзі жойылды деген мәлімет бар. Негізі бұған дейін ақпарат құралдары Әбу Бакр әл-Багдадидің қазасы жайлы бірнеше рет хабар таратқан болатын. Алайда ешқайсысы да кейіннен расталмай шыққан.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *