ШЫМКЕНТ, 04 мамыр. Түнде Шымкент полициясына белгісіз азамат қоңырау шалып, қалада террористік шабуыл ұйымдастырғалы жатқанын айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Шымкент қаласының полиция Департаментінің хабарлауынша, қоңырау түнгі сағат 00: 15-де болған.
«Оқиға орнына келген Шымкент полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол Шымкент қаласының Тассай елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК — нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп түсіндірді Шымкент полиция департаменті.