Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрмедегі баласына аяқ киімге есірткі жасырып өткізбек болған әйел ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 мамыр. Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, ЗК-169/1 мекемесі режім және күзет бөлімінің қызметкерлері сол мекемеде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен қамауда отырған баласына келген азаматшаны тексеру барысында онда жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тәріздес зат бар екені анықталды. Әйел оны баласына алып келген спорттық аяқ киім арқылы өткізбек болған. Оқиға орнына Қызылорда қаласы полиция басқармасы жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталмыш тыйым салынған зат тәркіленіп, ол сараптамаға жіберілді.

«Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша оның марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *