АҚТӨБЕ, 19 маусым. Мартұқ ауданының Дмитриевка ауылының маңында Ақтөбе шекара отрядының «Байтұрасай» бекетінің шекарашылары жабайы қарасора алқабын тапты, деп хабарлайды Total.kz.
Аталған ауданға ведомствоаралық топ келгенге дейін плантацияны күзететін наряд жіберілді.
Шекарашылар шамамен төрт мың шаршы метр алаңдағы қарасораны шауып алып, өртеп жіберді. Жалпы салмағы 1500 килограмм болатын 270 000 бұта жойылды.