ҚАРАҒАНДЫ, 21 маусым. Қарағандыда жол-патрульдік полиция қызметкерлері есірткі тыққан жергілікті тұрғынды ұстады, деп NUR.KZ сілтеме жасап Эхо Казахстана хабарлайды.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 26 жасар ер адам бұталарға есірткі тығып жатқан кезде қолға түсті.
Полицияның айтуынша, күн сайын интернетте синтетикалық дәрілерді тарататын және жариялайтын сайттар мен сілтемелер анықталып,қадағаланады.
«Биылғы жылы 338 есірткі тарататын сайттар және сілтемелер анықталды. Анықталған интернет-ресурстары туралы барлық ақпарат, кейіннен оларды бұғаттау мақсатында, күн сайын ІІМ-ге жіберіледі», – деп түсіндірді полицияда.