Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Техас штатындағы мектепте жаппай атыс салдарынан 22 адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. АҚШ-тың Техас штатында қайғылы оқиға болды. Бастауыш мектепте атыс болып, 21 адам ажал құшты, деп Хабар24 сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Аймақ губернаторының сөзінше, көз жұмғандардың 18-і бала, 3-уі ересек адам. Тағы ауыр жарақат алған 3 адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Ювалд қаласында болды. Жазықсыз жандардың қанын төккен 18 жастағы қаскүнемді полиция атып өлтірген және 2 сақшы жараланған. Президент Джо Байден Ақ үй мен басқа мемлекеттік мекемелердегі туды төмен түсіруді бұйырды. Бұл қаралы рәсім 28 мамырға дейін жалғасады. Федералды тергеу бюросы былтыр АҚШ-та 61 атыс оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

 «Мұндай сұмдық ешқашан қайталанбас үшін ұлт ретінде шешім қабылдауға батылдық танытуымыз керек. Әзірге оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Өкінішке орай, қаншама ата-ана баласынан айырылып, қара жамылып қалды. Жүрегіміз қан жылап тұр. Нақты қадамға бармасақ, бұл қантөгіс жалғаса береді», — деді АҚШ вице-президенті Камала Харрис.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *