НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Бейсенбі күні Сирияның астанасы Дамаскіде болған көлік жарылысы нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті, деп Сирияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.
«Лаңкестік шабуыл нәтижесінде әйел мен оның ұлы зардап шекті: жарылғыш құрылғы Дамаскідегі Меззе тас жолында іске қосылды», — деп қалалық полициядағы дереккөзге сілтеме жасай отырып Syria TV хабарлайды.
Бұл аумақ астанадағы батыс кіреберісінде орналасқан.