Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Кабулдағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 68-ге жетті, деп Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды.

Бұған дейін 20 зардап шеккендер туралы хабарланған болатын.

«Бүгінгі Кабулдағы жарылыс салдарынан 53 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», — делінген Twitter-дегі агенттіктің блогында.

Жарылыс Кабулдағы Қорғаныс министрлігінің логистикалық орталығына жақын жерде орын алды. Билік мәліметтері бойынша, жарылыстан кейін екі шабуылшы қарама-қарсы жақтан салынып жатқан ғимараттан қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне қарсылық көрсетуін жалғастыруда. Жарылыс орнына арнайы күштер қызметкерлері келді.

Бұған дейін хабарланғандай, жойқын  жарылыс Кабулдың №16 полиция округінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс орнында атыс естілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *