ТҮРКІСТАН, 01 шілде. Қазақстанға 2 келіге жуық героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Автокөліктің жанар жағар май ыдысындағы ақ түсті ұнтағы бар екі ораманы кеден бекетінің қызметкерлі мен қызметтік иті бар шекара жасағы анықтады.
2019 жылы 29 маусымда «Атамекен» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған 1967 жылы ту,ан Тәжікстан азаматы басқарған ақ түсті Nexia маркалы жеңіл автокөлігі шекаралық және кедендік бақылау жүргізу үшін тексеріп қарау алаңына орналастырылады.
Аталған жеңіл автокөлігіне «Атамекен» кеден бекетінің жауапты қызметкері бас маманы және қызметтік иті бар шекарашы тексеріп қарау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, Ламар қызметтік ит Nexia маркалы жеңіл автокөлігінің жанар жағар май ыдысы орналасқан тұсынан күдік барын сездіру белгісін білдірді.
Бірлескен тексеру тобы май құю багінің тұсынан қосымша жалғанған ыдысқа ұқсас темір контейнер қорапты байқады.
Аталған темір қораптын ішінде скотчталған күдік туғызатын, шамамен салмағы 2 келі, екі орама табылады. Көлік жүргізушісі орамада ақ түсті ұнтақ героин екенін, Тәжікстан Республикасынан Шымкент қаласына жеткізу үшін тасымалға ақы алғанын айтты.
Қазіргі таңда анықталған жағдай бойынша барлық материалдар Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасына жіберілді.