Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 шілде. Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы «Торайғыр» тауында есірткі жинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тексеру барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені және бұған дейін осыған ұқсас әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 350 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *