Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. БҰҰ алғаш рет дін және наным-сенім негізінде қуғынға ұшырап, зардап шеккендерді еске алу күнін атап өтті, деп Kazislam сайты хабарлайды. 

Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш дін арқылы алауыздық туғызып, қақтығыс тудырушыларға қарсы тұруға шақырды. Себебі діни орындардың шабуылға ұшыруы барған сайын көбеюде. Мысалы, соңғы бірнеше айда Шри-Ланка мен Буркина-Фасодағы шіркеулерде, Жаңа Зеландиядағы мешітте, АҚШ-тағы синагогада лаңкестік әркеттер болды.

АҚШ-тың діни ұйымдары зұлымдықпен бейбіт негізде күресудің маңыздылығын айтады. Олар бұл орайда Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қолдау білдіріп, дүниежүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға көп еңбек сіңіріп келе жатқанын алға тартты. — Лаңкестік пен өзге де зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсы тұру қажет. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі сынды кездесулерді өткізу өте маңызды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ядролық қарусыздану, ұлтаралық келісім сияқты көптеген бастаманы қолға алып, әлемдегі беделі артты. Сіздің елдің ұстанымдары көп мемлекетке үлгі, — дейді АҚШ діни көшбасшылары форумының өкілі Роберт Брешью.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *