Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау полицейлері “дәріханалық есірткі” жеткізу арнасына тосқауыл қойды

КӨКШЕТАУ,12 қазан. Көкшетауда “дәріханалық есірткі” жеткізу арнасына тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, есірткі сатушылар болашақта бұл заттарды жасырулар арқылы таратуды жоспарлаған.

10 қазанда Көкшетау қаласына кіре беріс автожолда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “дәріханалық есірткі” жеткізу арнасына тосқауыл қойды.

Бұған дейін жедел қызметкерлерге елорда тұрғыны Ақмола өңірінің аумағына дәрілік препараттарды жеткізуді жолға қойғаны туралы ақпарат келіп түскен болатын, ал болашақта бұл дәрі-дәрмектер жасырушылар арқылы есірткі тұтынушыларға келіп түседі.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу және арнаны жою үшін жедел уәкілдер арнайы операция жүргізді, нәтижесінде жеткізуші ұсталды. Рөлде 33 жастағы астаналық болған көлік ұсталғаннан кейін жедел уәкілдер жүксалғыштан героиннің синтетикалық опиаты – трамадол дәрілік затының 800 таблеткасын, 11 лирика таблеткасын және тропикамидтің 80 құтысын тауып алып, тәркіледі.

Бұл факт ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Баптың санкциясына сәйкес, ұсталған адамға 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *