Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Грозныйда полицейлерге оқ атқан ер адам жаңа шабуылдар жоспарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Дүйсенбі күні Грозныйда Надтеречный ауданының  18 жасар тұрғыны Усман Азиев көлікте отырып полицейлерге оқ жаудырғаннан кейін полиция қызметкерлерімен бейтараптандырылды,  деп хабарлайды РИА Новости Шешенстанның  ІІМ сілтеме жасап.

Сондай-ақ, БАҚ-пен байланыс жөніндегі Шешенстан басшысының көмекшісі Ахмед Дудаев бейтараптандырылған ер азамат полицейлерге оқ атқаннан кейін құқық қорғау органдарына басқа да шабуыл жасауды жоспарлағанын хабарлады.Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

«Полиция қызметкерлері өте жақсы жұмыс істеді. Жедел ақпаратпен жұмыс істеп, олар тәртіп сақшыларына шабуыл жасауды жоспарлаған қылмыскерді ұстауға тырысты, алайда ол оқ ата бастады, сондықтан оны көзін жоюға тура келді», — деп атап өтті Дудаев. Оның айтуынша, оқиға барысында «бірде-бір адам зардап шеккен жоқ».

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әрекеттері Азиевтің жоспарларына кедергі келтірді. Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров бірнеше рет қаскүнем қалаға кірсе де кетіп қала алмайтынын мәлімдеген», — деп атап өтті Дудаев.

Шешенстан  бойынша РФ ТК аймақтық басқармасының өкілі Грозныйдағы Жол жүрісі қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы қызметкерлеріне жергілікті тұрғынның қарулы шабуылынан кейін тергеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық туралы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *