НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек. Ресей ІІМ 2020 жылы есірткі қылмыстарын ашу тәжірибесін үйрету үшін АСЕАН елдерінен полиция тобын қабылдауға дайын, деп мәлімдеді мекеме басшысы Владимир Колокольцев Ханойдағы 39-шы АСЕАНАПОЛ конференциясында сөйлеген сөзінде, деп РИА Новости хабарлайды.
«2020 жылы есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу тақырыбы бойынша АСЕАН елдерінен кезекті полиция тобын оқуға қабылдауға дайынбыз. Ресей тарапы осы бағыттағы «ондықпен» диалогты жалғастыруға ыңғайланған», — деп РФ ІІМ баспасөз орталығы Колокольцевтің сөзін келтірді.
Бұған дейін РФ СІМ Ресей мен АСЕАН есірткі қылмысының жаңа түрлеріне қарсы іс-қимыл саласында, соның ішінде киберкеңістікте ынтымақтастықты одан әрі арттыруды жалғастыратынын хабарлады.
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (The Association of Southeast Asian Nations, АСЕАН) 1967 жылы 8 тамызда Бангкокта (Таиланд) құрылды. Бастапқыда оған Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин кірді. Кейінірек Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) қосылды.Арнайы бақылаушы мәртебесі Папуа-Жаңа Гвинея және Шығыс Тиморда бар. Қытай, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Ресей, Корея Республикасы, Жаңа Зеландия, Моңғолия, Австралия, АҚШ, Түркия және Канада диалог бойынша әріптестер болып табылады.