НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Енді кез-келген тұрғын, ең қиын әлеуметтік міселелердің бірі болатын, есірткі қылмысының алдын алуға және онымен күресуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандықтар WhatsApp-та 8 777 785 66 51 нөміріне есірткі қылмысы, есірткінің заңсыз айналымы, есірткі жарнамалайтын граффити туралы хабарлап, фото мен видеоларды жібере алады. Түскен ақпарат бойынша есірткі қылмысымен күрес департаменті жедел шаралар қабылдайды.
Мысалы, граффити жазылған жердің фотосуретін (геоақпарат), белгілі бір мақсатсыз аулаларда, үйлердің подъездерінде жүрген күдікті адамдардың бейнелерін, оңай ақша табуды ұсынатын күмәнді хат-хабарлардың скриншоттарын және т.б. жіберуге болады. Әрбір хабарлама жіберуші азамат оның ескертуі уәкілетті органдарға жететініне сенімді болуы керек. Жіберушінің жасырын болуына кепілдік беріледі.