Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек. Лаңкестер үшін қаржы жинаған «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйымының 9 жақтастары Мәскеу сотының шешімімен қамауға алынды, деп хабарлады жұма күні журналистерге РФ ТК астаналық бас басқармасының  басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова, деп хабарлайды Радио Sputnik. 

«Террористік ұйымға қатысу және оған жәрдемдесу үшін қылмыстық істің тоғыз фигурантына айып тағылды. Тергеу өтінішімен оларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Иванова.

Қылмыстық топты іс фигурантының бірі ұйымдартырғанын тергеу анықтады.Тергеу деректері бойынша,ол террористерге Мысырда қосылды, содан кейін 2015 жылы Ресейге оралып Сирия мен Ирактағы ИМ-нің  (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларына қаржылай көмек көрсететіндерді іздей бастады. Ер азамат телефондағы қосымшалардың бірінде топ құрды, уақыт өте келе сол топқа 30-ға жуық адам кірген.

Адамдар ақшаны ұйымдастырушының картасына аударған, содан кейін жиналған қаржыны ол лаңкестерге жіберген.

Ұйымдастырушы Жаңа Мәскеудегі Кокошкино ауылында «бастамалау» шеңберінде қатысушылармен жеке кездескен. Қатысушылардың көзқарастары расталған жағдайда, олардан ай сайын белгілі бір ақша сомасын аударуға міндеттей отыратын ант алынды.

«Қаражат террористік ұйымдардың материалдық-техникалық бөлімшелерін қаржыландыру үшін, сондай – ақ террористік сипаттағы қылмыстарды дайындау үшін пайдаланылды», — деп хабарлады Тергеу комитетінде.

Ауқымды тінтулер мен құрықтаулар Мәскеу, Мәскеу маңында, Дағыстанда және Кабардин-Балқарда  өтті. Қамауға алынғандардың кейбірі кінәсін мойындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *