НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. «Ислам мемлекеті «террористік ұйымы (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) Ресей әскери полициясының қозғалысы жолындағы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Бұған дейін, 11 қазанда, Сирияда Ресей әскери полициясы патрулінің қозғалысы бағытында екі жарылғыш құрылғы іске қосылды. Оқиға Анхуль елді мекенінде орын алды.
REGNUM хабарлағандай, Сирия Араб Республикасындағы жауласушы тараптарды татуластыру орталығының басшысы генерал-майор Алексей Бакиннің айтуынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан кейін оқиға орнын сириялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қарап шықты.