Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Қорғаныс министрлігі: ағымдағы жылдың басынан 1,2  мың  террорист залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым.Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылы 24 шілде күнінен бастап террористердің «кіре алмайды» деген барлық жерлерге кіргендерін, осы уақытқа дейін 18 мың 140 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді, деп TRT жазады.

Акар әскер қолбасшыларымен бірге қадағалаған көрнекті бақылаушы күнінің артынан «Денизкурду — 2021» әскери-теңіз жаттығуы аяқталды.

Оқу-жаттығудан кейін Оңтүстік қызмет тобы қолбасшылығы мен Түрік жоғары дайындық деңгейлі Әскери-теңіз қызмет күштері (TURMARFOR) қолбасшылығына барған Акар өз сөзінде түрік қарулы күштерінің құрлықта, теңізде және ауада өзіне жүктелген барлық міндеттерді ең жақсы түрде орындау үшін өз жұмысын жалғастырғанын айтты.

Акар Түрік әскери-теңіз күштерінің жылына 200 мың сағаттық теңізде жүзу қызметімен рекордтар жаңартқанын мәлімдеді.

Ел көлемі мен шекара аралықтарында жүргізіліп жатқан террормен күрес операцияларына да назар аударған Акар «2015 жылы 24 шілде күнінен бастап террористердің бізге «кіре алмайды» деген барлық жерлерге кірдік. Бұл жерлердің барлығы тазартылды. 18 мың 140 террорист жойылды. Ағымдағы жылдың басынан бері 1 мың 212 террорист залалсыздандырылды» деді.

23 сәуір күні басталған «Пенче Шимшек» және «Пенче Йылдырым» операцияларының жоспарланғандай сәттілікпен жалғасқанын атап айтқан Акар қазірге дейін Сирия мен Ирактың солтүстігінде барлығы 352 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *