НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы тәжік оппозиционерлерін біріктірген Тәжікстан ұлттық альянсын «экстремистік және террористік ұйым» деп танып, тыйым салды. Альянс өкілдері билік негізсіз шешім қабылдады деп санайды.Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Тәжікстан жоғары соты Тәжікстан ұлттық альянсын «экстремистік әрі террористік ұйым» деп тануды және 2019 жылғы тамыздың 15-інен бастап ел аумағында қызметіне тыйым салуды сұраған Бас прокуратураның өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы ақпарат қазанның 11-і -күні тарады деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі (Озоди радиосы).
Сот шешімі бойынша, Тәжікстан аумағында аталған ұйымның вебсайты бұғатталып, оның жұмысы жайлы видео және өзге материалдарды елге енгізуге тыйым салынады.
2018 жылы қыркүйекте Еуропа одағы аумағында тұратын тәжік оппозициясының белсенділері 2018 жылы қыркүйекте Варшавада құрған Тәжікстан ұлттық альянсына Душанбе тыйым салған «Тәжікстан ислам жаңғыру партиясы», сонымен бірге «Тәжікстанның еркін ойлы конгресі», «Тәжікстанның дамуы және реформа» қозғалысы, «Орталық Азия мигранттары конгресі» енген. Кезінде Тәжікстаннан кетуге мәжбүр болған бұл ұйымдардың жетекшілері қазір шетелде тұрады.